
2025 жылғы 5 ақпанда Ұлттық аграрлық ғылым академиясының Президенті, ҚР ҰҒА академигі Есполов Тілектес Исабайұлы мен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» (ҰАҒББО) КеАҚ Басқарма төрайымы Ахмеджанова Айгүл Төлеуғазықызының кездесуі өтті. Кездесуде ҚР ҰАҒА қызметі мен оның даму перспективалары, сондай-ақ АӨК экономикасы және АДА ЖШС қызметі туралы ақпарат таныстырылды. Ғылыми қамтамасыз етуді үйлестіру саласындағы міндеттерді шешу үшін бірлескен ынтымақтастық пен ұйымдардың әлеуетін біріктіру, өңірлерде АШТӨ мен АӨК мамандарының қатысуымен оқыту және ақпараттық-білім беру іс-шараларын бірлесіп өткізу мәселелері талқыланды. Бірлескен іс-шараларды өткізуді жандандыру үшін аграрлық саладағы ғылыми қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Кездесуге ҚР ҰАҒА Төралқасының мүшелері мен «ҚазАӨК экономикасы және АДА ҒЗИ» ЖШС өкілдері қатысты.







