Президент туралы

ЕСПОЛОВ ТІЛЕКТЕС ИСАБАЙҰЛЫ
Қазақ аграрлық ғылым академиясының Президенті

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

  • Туған күні

    1952 жылғы 15 маусым

    Туған жері

    Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Михайловка (Қарасай) ауылы

    Ұлты

    қазақ

    Білімі

    жоғары

    Білімі бойынша мамандығы

    Ауыл шаруашылығы өндірісі процестерін механикаландыру

Еңбек жолы

Еңбек

жолы

1970-1975 жж. – Қазақ ауыл шаруашылығы институтының студенті;

1975-1976 жж. – Қазауылшаруашылықинституты комсомол комитетінің хатшысы;

1976-1977 жж. – Қазауылшаруашылықинституты кәсіподақ комитетінің төрағасы;

1977-1980 жж. – А.Н. Костяков атындағы Бүкілодақтық гидротехника және мелиорация ҒЗИ аспиранты (Мәскеу қ.);

1980-1993 жж. – Гидравлика және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау кафедрасының аға оқытушысы, доценті. Осы жылдары қатар Қазауылшаруашылықинституты жанындағы КСРО АШМ Салалық ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі;

1993-2001 жж. – Алматы индустриалдық колледжінің директоры,

Алматы индустриалдық-педагогикалық академиясының ректоры;

2001-2022 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры;

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қазақ ауыл шаруашылығы

ғылымдары академиясының Президенті

Жалпы еңбек

өтілі

48 жыл, ҚазҰАУ-дағы өтілі – 22 жыл.

Білім беру қызметі

Республиканың аграрлық жоғары оқу орындары арасында академиялық ұтқырлықты дамытудың бастамашысы, Темпус, Эрасмус Мундус, Эрасмус+ халықаралық ғылыми бағдарламалары мен жобаларының жетекшісі.

Университет мамандарды үш деңгейлі даярлауға көшті: бакалавр – магистр – PhD докторы, оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді, білім берудің әлемдік деңгейіне жету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: университет Еуропалық білім беру кеңістігіне енді, Болон декларациясына қосылды және Еуропалық университеттер қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Университет жобалық басқарудың халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен ЖОО-ларының 13 халықаралық сарапшысымен бірлесіп ұлттық зерттеу университетіне трансформацияланды.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті мысалында зерттеу университетінің моделі әзірленді, ол Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне, сондай-ақ ТМД-ның жетекші аграрлық ЖОО-ларына ұсынылды. 20 ЖОО-ның өкілдері университетке келіп, трансформация тәжірибесін үйренді.

Университет елімізде алғашқылардың бірі болып коммерциялық емес акционерлік қоғамға көшті. Бүгінде ҚазҰАЗУ тәжірибесін пайдалана отырып, ҚР БҒМ-нің 28 ЖОО-сы коммерциялық емес акционерлік қоғамға көшті.

2020 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ЖОО-ға «Зерттеу университеті» ерекше мәртебесі берілді.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті әлемнің 137 жетекші ЖОО-сы және ғылыми орталығымен ынтымақтастық жасайды, жоғары білім және ғылым жөніндегі 17 халықаралық қауымдастық пен ұйымның мүшесі болып табылады.

2019 жылы ҚазҰАЗУ-да Вагенинген университетімен (Нидерланды) жұмыс жөніндегі

Халықаралық институт ашылды. 2020-2021 оқу жылында пилоттық режимде «Өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар», «Ветеринариялық-тағамдық қауіпсіздік және технологиялар» атты екі білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді даярлау басталды.

Университет АҚШ, Еуропа және Тынық мұхиты аймағы елдерінің жетекші серіктес ЖОО-ларымен 11 қос диплом бағдарламасын іске асырады.

ЖОО 9 халықаралық және ұлттық рейтингте лайықты орын алады. Университет академиялық рейтинг және үздіктік обсерваториясының (IREG) топ-500 университетінің, Өмір туралы ғылымдар еуропалық университеттері қауымдастығының (ICA) топ-200 тізіміне кіреді және UI GreenMetric әлемдік университеттер рейтингінде 454-орын алады.

2018 және 2019 жылдары QS әлемнің үздік университеттері рейтингінде ЖОО 651-орынды, 2020 жылы – 591-орынды, ал 2021 жылы 551-орынды иеленді. Мақсат – QS-400 рейтингі бар әлемдік деңгейдегі университет болу.

Аграрлық ЖОО-лар мен ғылымның GCHERA жаһандық консорциумы атқару комитетінің мүшесі, ТМД-ның жетекші аграрлық ЖОО-лары ректорлары кеңесінің төрағасы, сондай-ақ Алматы өңірі ЖОО-лары ректорлары кеңесінің төрағасы болған.

Ғылыми қызметі

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға, АӨК кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін, агроазық-түлік нарығы мен ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ҚР АӨК мен ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың экономикалық тетіктері әзірленді.

«Ұлттық қауіпсіздік контекстінде Қазақстан Республикасының табиғи-шаруашылық жүйелерін тұрақты сумен қамтамасыз ету» саласындағы ғылыми еңбектер циклінің авторы:

– елдің жекелеген өзен алаптарындағы су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың қазіргі жай-күйіне талдау берілді;

– республиканың табиғи-ресурстық әлеуеті және оны пайдалану бағыттары бағаланды;

– өзен алабының су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемасын жетілдірудің ғылыми-әдіснамалық негіздері берілді;

– шектес аумақтарда және Қазақстанда экономика салаларын дамытудың ықтимал нұсқаларын ескере отырып, суды реттеу мен суды бөлудің алаптық схемаларын жетілдірудің әлеуметтік-экологиялық-экономикалық тиімділігі көрсетілді.

Жайылымдар мен шабындықтардың су өткізгіш жүйелерін (арналар, науалар, ұңғымалар, шахталы құдықтар) тазалауға және пайдалануға арналған мелиоративтік техниканың неғұрлым жетілдірілген үлгілері әзірленіп, өндіріске енгізілді.

Экологиялық-әлеуметтік-экономикалық ортаны кешенді талдау мен бағалаудың ғылыми әдістемесі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нормативтік бағаларын айқындай отырып, жерлерді бағалық аймақтарға бөлудің әдістемелік негіздері әзірленді.

Әлемдік аграрлық нарыққа интеграциялану жағдайында ҚР АӨК тұрақты дамуының теориялық және әдіснамалық негіздері әзірленді.

Аграрлық секторда тиімді нарықтық жүйені қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленді, ол ауыл шаруашылығында ірі және орта тауарлы шаруашылықтарды қалыптастыру, кооперацияны дамыту, интеграцияланған бірлестіктер (кластерлер) құру тетіктерін қамтиды.

Университеттің фермерлер жоғары мектебінде «Экстеншн» халықаралық моделі әзірленді, онда фермер қожалықтарының және басқа ұйымдардың басшылары мен қызметкерлеріне консалтингтік және білім беру қызметтері көрсетіледі.

ҚазҰАЗУ-да Агротехнологиялық хаб құрылды, оның құрамына заманауи аспаптармен және жабдықтармен жарақтандырылған: Тамақ және экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі қазақстан-жапон инновациялық орталығы, Қазақстан-Корея инновациялық орталығы, Су инновациялық орталығы, Инновациялық жылыжай, егіншілікті тұрақты дамыту орталығы, инновациялық ғылыми-білім беру орталығы, ҮИИДМБ-2 аясында құрылған өсімдіктерді микроклоналды көбейту зертханасы, сүт және сүт өнімдері бойынша референттік зертхана, Ахуалдық орталық, агроинженерия жөніндегі Қазақстан-Беларусь орталығы кіреді. Нақты ғылыми жобалар негізінде құрылған 7 ҒЗИ, 18 халықаралық орталық, 31 ғылыми-зерттеу зертханасы, Кіші ғылым академиясы және т.б. құрылды.

Университетте Халықаралық вакцинология зерттеу орталығы құрылды, ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің М. Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп, шетелдік серіктестер – Огайо штаты университеті (АҚШ) және Vaxine Pty Ltd (Австралия) биотехнологиялық компаниясының қолдауымен коронавирусқа қарсы қауіпсіз нановакцина әзірледі. Нановакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кандидат-вакциналар тізіміне енгізілді.

67 ғылым кандидаты, 25 ғылым докторы және 7 PhD докторы даярланды.

500-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 12 монография, 5 оқулық және 6 оқу құралы, 15 ғылыми-практикалық ұсыным, 40 авторлық куәлік пен патент жарияланды.

География институтының ғалымдарымен бірлесіп «Қазақстанның су ресурстары: бағалау, болжау, басқару» монографиясы шығарылды. Бұл – Қазақстан тарихында алғаш рет шығарылған, ТМД-да баламасы жоқ 30 томдық бірегей ғылыми еңбек.

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР:

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, арнаулы және құрметті атақтары

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР ҰҒА құрметті академигі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, РҒА шетелдік мүшесі, Украина Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының шетелдік мүшесі, Моңғолия Ұлттық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, Жоғары мектеп халықаралық академиясының академигі. Сократ халықаралық сыйлығының лауреаты (2007), Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2019 ж.).

Алыс шетелдердің жетекші ЖОО-ларының «Құрметті профессоры»: Қытайдың Солтүстік-Батыс университеті (ҚХР), Конкук университеті (Оңтүстік Корея), Пловдив қаласының Аграрлық университеті (Болгария), Литваның Александрас Стульгинскис атындағы университеті, Сент Иштван университеті (Венгрия), Молдованың Мемлекеттік аграрлық университеті, Арменияның Ұлттық аграрлық университеті.

ТМД және Қазақстан Республикасы: К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті (МСХА), Кубань мемлекеттік аграрлық университеті, Мичурин мемлекеттік аграрлық университеті, Украинаның Ұлттық биоресурстар және табиғатты пайдалану университеті, Украина ұлттық аграрлық университеті, Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясы, Беларусь мемлекеттік аграрлық-техникалық университеті, Брест мемлекеттік техникалық университеті, К.И. Скрябин атындағы Қырғыз мемлекеттік аграрлық университеті, «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ҰЗУ, Әзірбайжан ауыл шаруашылығы академиясы, Тәжік мемлекеттік аграрлық университеті.

ҚР жетекші ЖОО-ларының «Құрметті профессоры»: М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті.

Қоғамдық қызметі

  • Алматы қаласы IV шақырылымды мәслихатының депутаты, ғылым, білім, мәдениет және қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. Алматы қаласы мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі.
  • ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының вице-президенті.
  • ҚР Ұлттық ғылым академиясы Аграрлық ғылымдар бөлімшесінің төрағасы.
  • Қазақстан ЖОО-лары ректорлары кеңесінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҒТК-ның мүшесі.
  • Дүниежүзілік ғылым академиясының (TWAS) мүшесі
  • Әлемдік аграрлық ЖОО-лардың жаһандық консорциумы атқару комитетінің мүшесі, ТМД қатысушы мемлекеттерінің жетекші аграрлық ЖОО-лары ректорлары кеңесінің төрағасының орынбасары, атқару комитетінің төрағасы.
  • ТМД қатысушы мемлекеттерінің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің мүшесі.
  • ҚР Үкіметі жанындағы мемлекеттік сыйлықтар мен ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы сыйлықтарды беру жөніндегі конкурстық комиссияның мүшесі.
  • «Жылдың үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның мүшесі
  • ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, Алматы қаласының ономастика мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшесі;
  • «Агронарық мәселелері» журналы редакция алқасының мүшесі
  • «Ізденістер – нәтижелер. Исследования – результаты» журналы редакция алқасының мүшесі.

Марапаттары

  • КСРО ХШЖК медалі (1988 ж.).
  • «КСРО өнертапқышы» медалі (1989 ж.).
  • «ҚР білім беру ісінің үздігі» (1995 ж.).
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» (1998 ж.).
  • А.Г. Неболсин атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты (2004 ж.).
  • «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» (2005 ж.).
  • «Қазақстанның құрметті мәдениет қайраткері» (2005 ж.).
  • «Парасат» ордені (2005 ж.).
  • Ресей қауіпсіздік, қорғаныс және құқық тәртібі мәселелері академиясының Ломоносов ордені (2005 ж.).
  • Ы. Алтынсарин атындағы медаль (2006 ж.).
  • «Жылдың үздік ректоры» (Жасыл Ел және студенттік құрылыс жасақтарын қалыптастырудағы белсенді жұмысы үшін), (2007 ж.).
  • ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы (2007 ж.).

«ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2007 ж.).

  • ҚР ҰҒА-ның «Ғасыр ғұламасы» академик Н. Назарбаев медалі.
  • «Барыс» II дәрежелі ордені (2010 ж.).
  • «Қазақстан даңқы» ордені (2013 ж.)
  • «Барыс» I дәрежелі ордені (2021 ж.).