‹ Жаңалықтарға оралу

2025 жылғы 25 маусымда Қостанай облысында «ҰАҒА» РҚБ мен «ҚазАӨКЭжАДҒЗИ» ЖШС делегациясының облыс әкімдігі мен өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен кездесуі өтті

· Жаңалықтар

2025 жылғы 25 маусымда Қостанай облысында «Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» РҚБ мен «Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту институты» ЖШС делегациясының облыс әкімдігі мен өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен кездесуі өтті.
Кездесуге белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰАҒА вице-президенті, экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰАҒА корреспондент-мүшесі – Жексембин Борибай Бикожаұлы, «ҚазАӨКЭжАДҒЗИ» ЖШС Басқарма төрағасы – академик Исламов Есенбай Исраилұлы, Қостанай облысы бойынша өңірлік орталықтың жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Исмұратов Сабит Борисұлы қатысты.
Б.Б. Жексембин өз сөзінде «ҚР ҰАҒА» РҚБ өңірлік инвестициялық жобаларды және АӨК, өңдеу саласы шаруашылық субъектілерін ғылыми-консультациялық сүйемелдеуді, орман, су ресурстарын, биоалуантүрлілік пен экологияны ұтымды пайдалану мен сақтауды қамтамасыз етуде зор әлеуетке ие екенін атап өтті. ҚР ҰАҒА академиктері көп жылдар бойы облыс әкімдігімен тығыз ынтымақтасып, ғылыми жобаларды іске асыруға және ҒЗТКЖ нәтижелерін өндіріс тәжірибесіне енгізуге белсенді қатысады. «ҚазАӨКЭжАДҒЗИ» ЖШС Басқарма төрағасы академик Е.И. Исламов қатысушыларға АӨКЭжАДҒЗИ институтының, сондай-ақ ҚР ҰАҒА-ның қызметі туралы ақпарат берді. Институт пен ҚР ҰАҒА ғалымдарының Қостанай облысы АӨК субъектілерінің қызмет тиімділігін арттыру үшін оларды консалтингтік және ғылыми-өндірістік сүйемелдеуге дайын екенін білдірді.
«Қостанай» өңірлік орталығының жетекшісі, э.ғ.д., М. Дулатов атындағы ҚИЭУ профессоры, ҚР ҰАҒА академигі С.Б. Исмұратов ҚР ҰАҒА-ның өңірдегі өкілі ретінде қатысушыларға облыс аграрийлерін ғылыми қамтамасыз ету және АӨК үшін кадрлар даярлау бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат берді.
Агрокәсіпорындар мен фермер қожалықтарының басшылары отандық аграрлық ғылымның қолданбалы маңызы мен нәтижелілігін арттыру тұрғысында оны дамыту, тұқым шаруашылығы жүйесін реформалау, топырақ ресурстарын қорғау, мал шаруашылығын дамыту, кадрларды оқыту, агробизнеспен жүйелі кері байланысты қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдаудың ұтымды және ғылыми негізделген экономикалық тетіктерін енгізу, кооперацияны дамыту және т.б. бойынша ұсыныстармен сөз сөйледі.
Делегация Қостанай қаласының Индустриялық аймағындағы зауыттар мен кәсіпорындарды аралап, қазақстандық қамту үлесі жоғары ауыл шаруашылығы машина жасау және автоиндустрия зауыттарында болды.
Тараптар ҚР ҰАҒА-ның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ғылыми-білім беру-консалтингтік қызметтер көрсету, инновацияларды енгізу бойынша ғылыми және сервистік қолдау көрсету, олардың қызметінің өзекті бағыттары бойынша құзыреттерін арттыру арқылы ынтымақтасуына келісті: шағын шаруашылық нысандарын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру, бастапқы өнімді сақтау, өңдеу, өткізу және сервистік қызметтер көрсету, тұқым шаруашылығын, селекцияны дамыту, өсімдіктерді қорғау және карантин, орман шаруашылығы, топырақты қорғау, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын қолдану, мал шаруашылығы, ветеринария саласында қарқынды технологияларды енгізу, суарудың энергия-ресурс үнемдеуші технологияларын ілгерілету және кадрлар даярлау. Қажетті жобалар мен білім беру іс-шараларының бағдарламалары АШТӨ субъектілері мен мемлекеттік ұйымдардың, оның ішінде АӨК саласындағы табиғи ресурстар мен экологияның міндеттерін ескере отырып әзірленетін болады.
Тиімді ынтымақтастық мақсатында Қостанай облысының әкімдігі, ҚР ҰАҒА және ҚазАӨКЭжАДҒЗИ арасында АӨК-ті ғылыми және инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандумға қол қойылды.
ҚР ҰАҒА вице-президенті Б.Б. Жексембин ҚР ҰАҒА Төралқасы мен ҚазАӨКЭжАДҒЗИ атынан аграрлық сала ғалымдарының өңір агроөнеркәсіптік кешеніне инновацияларды ілгерілету жөніндегі бастамаларын қолдағаны үшін алғыс білдірді.