Республикалық қоғамдық бірлестік мүшелерінің Жалпы жиналысы өтті:
Қазақстан Республикасының «Ұлттық аграрлық ғылым академиясы»

Бүгін, 2024 жылғы 31 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының «Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің Жалпы жиналысы өтті.
Бүгінгі таңда Академия құрылымында 8 бейіндік бөлімше жұмыс істейді.
Жалпы жиналыс жұмысына Академияның барлық өңірлік орталықтарының басшылары, «ҰАҒББО» КеАҚ құрамына кіретін ғылыми-зерттеу институттарының (ҒЗИ), ауыл шаруашылығы тәжірибе станцияларының (АШТС), тәжірибе-өндірістік шаруашылықтарының (ТӨШ) басшылары, аграрлық бейіндегі жетекші ғалымдар, еліміздің ЖОО-лары мен ҒЗИ-ларының профессорлары мен ғалымдары қатысты.
Жиналыс офлайн және онлайн режимдерде өтті.
Жиналыстың басында қатысушылар 1931-1933 жылдардағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» РҚБ-ның жұмысы мен даму перспективалары туралы Есеппен ҚР ҰАҒА Президенті, ҚР ҰҒА академигі Т.И. Есполов сөз сөйледі.
Есепте, атап айтқанда, мыналар атап өтілді:
— Парламентаризм институтымен бірлесіп Академияның жетекші академиктері мен ғалымдарынан «Су кодексі туралы» және «ЖҚШ туралы заң» заңдарына ұсыныстар әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыс топтары құрылды;
— ҚР ҰАҒА-ны жасарту мақсатында зерттеулердегі озық заманауи үрдістерді меңгерген 45-47 жасқа дейінгі аграрлық саланың перспективалы әрі белсенді жас ғалымдарынан «ҰАҒА Жас ғалымдар кеңесі» құрылуда;
— «ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды;
— «ҰАҒББО» КеАҚ-ның 16 жетекші бейіндік ҒЗИ-імен бірлескен қызмет туралы шарттарға қол қойылды;
— 14 облыс әкімдігімен Меморандумдарға қол қойылды;
— Академияның ғылыми аккредиттеуі бар, бұл ҚР ҰАҒА-ға БНҚ (3 өтінім) және 019 БҚ (5 өтінім, оның 3-еуі бойынша шарттар жасалуда) конкурстарына қатысуға мүмкіндік берді;
— Өңірлік ЖОО-лар мен ҒЗҰ базасында Академияның 19 өңірлік орталығы ашылып, оларды біздің академиктеріміз бен сол облыстардағы белгілі мамандар басқарды;
— бұрыннан шығармашылық байланыстары бар ТМД, АҚШ, Еуропа және Шығыс-Тынық мұхиты аймағы елдерінің жетекші ЖОО-ларымен байланыс пен өзара іс-қимыл жандана түсті;
— ФАО, Аралды құтқарудың халықаралық қоры (АҚХҚ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ, БҰҰДБ ЖЭҚ) және т.б. сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жолға қойылды;
— ҚР ҰАҒА қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, жариялау және кері байланыс үшін ҚР ҰАҒА сайты құрылды;
— Академия ҚР ҒЖБМ жүйесінің басылымдарына ұқсас «Жаршы» және «Хабаршы» ғылыми журналдарын қайта құру жұмысын бастады.
Академияның барлық мүшелері мен салалық бөлімшелері қатысатын Академияны 2025-2030 жылдарға арналған дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда.
Жарыссөзде сөйлеген ҚР Президенті жанындағы Ғылыми кеңестің мүшесі, ҚР ҰҒА академигі Оразалы Сабден, академиктер Ғалиолла Мейрман, Әзімхан Сатыбалдин, Аралбай Нұғыман, Иван Кендюх ҚР ҰАҒА Төралқасының Есебін мақұлдап, оның жұмысын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.
Содан кейін жасырын дауыс беру әдісімен ҚР ҰАҒА академиктері мен корреспондент-мүшелерінің сайлауы өтті.
Одан кейін бір тараптан ҚР ҰАҒА, екінші тараптан «АУЫЛ» ХДПП, ҚР «Атамекен» ҰКП, Қазақстан фермерлер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.
ҚР ҰАҒА Жалпы жиналысында «АӨК-ті дамытудың жаңа тәсілдері және аграрлық ғылымның рөлі туралы» хабарлама тыңдалды.
Сөз сөйлеген Академия мүшелері «Ауыл» партиясы ұсынған ҚР АӨК-ін дамыту стратегиясына толық қолдау білдірді.
Әрі қарай «Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе қаралды.
Атап айтқанда, Академияның Ғылыми кеңесін құру туралы.
Бұл Кеңестің негізгі міндеті – аграрлық ғылымды дамыту стратегиясын әзірлеу, ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын айқындау, орталық мемлекеттік органдар мен жоғары тұрған ұйымдар үшін ұсыныстарды талқылау және қалыптастыру.
Жалпы жиналыстың соңында ҰАҒА Төралқасының жаңа құрамы сайланып, ҚР ҰАҒА Президенті Т.И. Есполовтың өкілеттіктері бес жылдық мерзімге расталды.
ҚР ҰАҒА бірінші вице-президенті болып «ҚР ҰАҒА» РҚБ академигі Е.И. Исламов, ҚР ҰАҒА вице-президенттері болып Г.У. Акимбекова, Б.Б. Жексембин, Т.С. Рахимбеков, Б.А. Дүйсенбеков, ҰАҒА Жас ғалымдар кеңесінің жетекшісі Г.А. Сапаров сайланды.
Жалпы жиналыс сондай-ақ Жас ғалымдар кеңесін құру туралы шешім қабылдады.
Осымен ҚР ҰАҒА Жалпы жиналысы өз жұмысын аяқтады.



























