‹ Жаңалықтарға оралу

2023 жылғы 23 желтоқсанда Алматы қаласында ғалымдар мен су шаруашылығы мамандарының ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлымен жұмыс кездесуі өтті.

· Жаңалықтар

Кездесу Ө.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтында және География және су қауіпсіздігі ҒЗИ-де өтті. ҚР Президенті ҚР СРИМ алдына қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау мәселелері, сондай-ақ елдің су саласын іске асыру мен дамытудағы ғалымдар мен ҒЗИ-лердің рөлі талқыланды. Кездесу нәтижелі әрі сындарлы өтті.

Соңғы жылдары БҰҰ сарапшылары Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдерінің су қауіпсіздігі бойынша онша жұбатарлық емес болжамдар береді. Егер су ресурстарын тиімді басқару тетіктері мен инфрақұрылымды жетілдірмесек, жиырма жылға жетпейтін уақытта су ресурстарының қатаң тапшылығы туындайды және бұл әсіресе Қазақстанда байқалады. Мұның БҰҰ сарапшылары мен біздің ғалымдарымыздың салмақты ғылыми негіздері бар.
Біздің мамандарымыздың бағалауынша, Қазақстанның қандай су ресурстарына ие екенін білмейтініміз үлкен алаңдаушылық туғызады. Бүгінгі таңда бізде қандай көлемдегі су ресурстары бар екені туралы нақты деректер жоқ!
Жерасты сулары бойынша жағдай да зерттеуді және егжей-тегжейлі талдауды талап етеді.
Су пайдалану, табиғатты пайдалану және су қауіпсіздігі саласындағы заңдар мен заңға тәуелді актілерді әзірлеу мен қабылдауда да проблемалар бар.
Іс жүзінде 90%-ға ескірген шаруашылықішілік су инженерлік желісінің жай-күйі мәселесі өткір тұр. Шаруашылықаралық желі беру нүктесіне дейін бар, ал одан әрі су егістікке барады, онда үлкен шығындар байқалады.
Бұрын Қазақстанда Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі тиімді жұмыс істеді, ол мелиорация және су шаруашылығын дамыту саласында ауқымды жұмыс жүргізді.
Сондай-ақ елдің су шаруашылығы саласы үшін жоғары және орта техникалық білімі бар кадрлар даярлау мәселесі де өткір тұр. Осы инженерлік жүйелер мен желілерді тиісті түрде пайдаланатын немесе жобалайтын, жергілікті жерлерде жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізетін мамандар жоқ.
Шетелдік озық елдерде климат пен су ресурстарын және олардың ауыл шаруашылығына бір, үш, бес жылдық және ұзақ мерзімді кезеңге әсерін болжау жөніндегі Ахуалдық орталықтарда жұмыс істейтін мамандар даярланып, шығарылатыны тегін емес!
ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында «Су ресурстары және су пайдалану» бағыты бойынша кадрлар даярлауды алты жоғары оқу орны жүзеге асырады:
— ҚазҰАЗУ;
— Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ;
— М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті;
— Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті;
— М. Әуезов атындағы ОҚМУ;
— Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ.
Бүгінде еңбек нарығына су пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін іс жүзінде тек экономикалық құралдарды қолдана алатын, атап айтқанда, су-жер ресурстарымен жұмыс істеу дағдылары бар су шаруашылығы мамандары шығарылады.
Алайда бүгінгі таңда толық техникалық және инфрақұрылымдық жаңарту қажеттілігіне байланысты елге гидротехникалық құрылыстар, шаруашылықаралық және шаруашылықішілік жүйелер мен желілер үшін ҚЭН, ТЭН және ЖСҚ жобалау, есептеу құзыреттері бар су шаруашылығы инженер-мамандары әлі де қажет.
2023 жылы «Су ресурстары және су пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриатқа мемлекеттік тапсырыс 328 болды, оның ішінде толық оқуға – 238 грант және қысқартылған оқуға – 90 грант. Осы гранттардың бір бөлігін гидроинженерлік мамандықтарға ауыстыру, сондай-ақ су саласы үшін орта буын мамандарын даярлайтын колледждер санын көбейту ұсынылады.
Елдің су саласы үшін инженерлік-техникалық кадрлар даярлау туралы еліміздің Президенті де бірнеше рет айтқан болатын.
Ең тиімді даярлық шығындарды толық өтей отырып және жұмыс орнына бекіте отырып, өндірістен түсетін мақсатты тапсырыс арқылы қамтамасыз етілетінін мойындау керек. Кадрларды атаулы даярлаудың бұл схемасы Қазақстанда 1983 жылға дейін қолданылып, уақыт сынынан өтті.
Туындаған кадр тапшылығын жою үшін 2040 жылға қарай бізге 25 мыңнан астам маман даярлау қажет.
Қазақстанда аса тапшы бағыттар бойынша су саласы үшін мамандар даярлауды шұғыл трансформациялау талап етіледі: гидромелиорация; құрылыстар мен гидроэлектр станцияларының гидротехникалық құрылысы; гидромелиоративтік жұмыстарды механикаландыру; су шаруашылығындағы экономика және құқық; гидрогеология және инженерлік геология, акваинженерия және су үнемдеуші IT технологиялар және т.б.
Кең ауқымды мамандарды даярлаудың барлық сатыларын: орта буыннан (колледж), бакалаврлардан, магистрлерден бастап ғылым докторларына дейін бір бас ЖОО-да шоғырландыра отырып, күшті ЖОО немесе Білім беру орталығын ұйымдастыру қажеттілігі туындады.
Сондай-ақ су ресурстарын тиімді басқару және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналарға бағытталған жұмыстар мен жобаларға шоғырлану қажет:
— суармалы жүйелерде су ресурстарын басқару жөніндегі ақпараттық жүйе құру;
— суармалы жерлердің су-тұз режимін басқару және оларды мониторингтеу жөніндегі мелиорацияның ақпараттық жүйесін әзірлеу;
— мелиоративтік жүйелерде суды тиімді бөлу үшін су ресурстарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу;
— мелиоративтік жүйелер арналарындағы су шығынымен күрес шараларын әзірлеу және суару арналарының сүзуге қарсы қорғанысының су үнемдейтін конструкциясын әзірлеу;
— мелиоративтік жүйелерді салу, пайдалану, жөндеу, қайта құру үшін заманауи технологиялар мен техникалық құралдарды әзірлеу;
— ауыл шаруашылығын, суармалы егіншілікті және жайылымдарды суландыруды механикаландыру мен автоматтандыру жөніндегі инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу;
— климаттың өзгеруі жағдайында геоақпараттық жүйені пайдалану және т.б.
Мәселелер көп жинақталды, жоғарыда аталған проблемаларды жедел әрі кешенді шешу Қазақстанның су саласы мен экономиканың аграрлық секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Су шаруашылығы саласындағы ғалымдардың, ҒЗИ-лердің, ЖОО-лардың және бейіндік ұйымдардың тиімді өзара іс-қимылы ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың Министрлік пен елдің су шаруашылығы мамандарының алдына қойған міндеттерін шешу және орындалуын қамтамасыз ету үшін ғылыми негізделген тәсілдерді жедел әзірлеуге мүмкіндік береді.