
2024 жылғы 20 тамызда «Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» РҚБ-да ҚР ҰАҒА мен «Моңғолия ұлттық фермерлер одағы» арасында АӨК-ті ғылыми және инновациялық дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Қол қою рәсіміне тұрақты ауыл шаруашылығы жөніндегі Герман-Моңғол ынтымақтастығы жобасы аясында Моңғолия Халық Республикасының ғалымдары қатысты.
Кездесуге ҚР ҰАҒА Президенті, ҚР ҰҒА академигі Т.И. Есполов төрағалық етті. Қатысқандар: ҚР ҰАҒА бірінші вице-президенті – Е.И. Исламов, ҚР ҰАҒА вице-президенті – Г.У. Акимбекова, «АӨК экономикасы және бизнес» бөлімшесінің төрағасы, ҚР ҰАҒА академиктері – Б.Е. Рүстембаев, Б.М. Махатов.
Кездесуге Моңғолиядан келген делегация құрамында: Лхагвасурэн Баяртулга – Моңғолия ұлттық фермерлер одағының президенті; Хавдолдай Киенягуль – Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің жетекші маманы; Серчин Батболд – Моңғолия өсімдік шаруашылығы және агрономия институтының ғылыми қызметкері; Даваа Унуряргал – Моңғолия ұлттық фермерлер одағының атқарушы директоры; Ганболд Гантзэнцэг – «IAK Agrar Consulting GmbH» консалтингтік агенттігінің жоба менеджері, Германия; Балган Алтанцэцэг – «Тұрақты ауыл шаруашылығы жобасы» Герман-Моңғол ынтымақтастығы үкіметаралық жобасының маманы; Батбалдан Туул – «Тұрақты ауыл шаруашылығы жобасы» Герман-Моңғол ынтымақтастығы үкіметаралық жобасының маманы; Ялчын Оргих – Моңғолия көкөніс өсірушілер қауымдастығының Ховд аймағындағы филиалының басшысы қатысты.
ҚР ҰАҒА Президенті академик Т.И. Есполов Ұлттық аграрлық ғылым академиясының перспективалары мен міндеттері, Қазақстан мен Моңғолияның мемлекетаралық ынтымақтастығы тұрғысындағы аграрлық ғылымның жай-күйі мен даму перспективалары туралы айтып берді.
Тараптар Меморандум аясында өзара іс-қимылды арттыруға және Орталық Азия елдері мен Қазақстан шеңберінде қатысушылар аясын кеңейте отырып, «Тұрақты ауыл шаруашылығы жобасы» Герман-Моңғол ынтымақтастығы жобасын іске асыруға жәрдемдесуге келісті.



