‹ Жаңалықтарға оралу

19 маусымда халықаралық «Егіс алқабы күні» сәтті өтті

· Жаңалықтар, Іс-шаралар

19 маусымда ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА және «ҰАҒББО» КеАҚ қолдауымен ҚазЕжӨШҒЗИ ұйымдастырған органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту тақырыбындағы халықаралық «Егіс алқабы күні» сәтті өтті. «ҰАҒББО» КеАҚ ҒЗҰ мен ҚазЕжӨШҒЗИ жетістіктері көрсетілді. Сондай-ақ осы іс-шара аясында әлемге әйгілі селекционер, ҚР ҰҒА, РҒА, Украина және Беларусь ҒА академигі, ҚР ҰАҒА академигі, дәнді дақылдардың 130-дан астам сортының авторы – Рахим Алмабекұлы Оразалиевтің 90 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді!