
Отырысқа ҰАҒА Президенті, ҚР ҰҒА академигі Есполов Тілектес Исабайұлы төрағалық етті. Отырыс ҚР ҰҒА академигі Қалиев Ғани Әлімұлын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Еске сала кетейік, қазақстандық ғылыми қауымдастық ауыр қазаға ұшырады: 2024 жылғы 12 наурызда 86 жасында көрнекті саяси және қоғам қайраткері, белгілі ғалым-экономист, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, РҒА академигі, Украина аграрлық ғылымдар академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының негізін қалаушы және тұңғыш төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (1999-2004), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990-1993) дүниеден өтті.
1964-1967 жылдары М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіргеннен кейін Ғани Әлімұлының бүкіл кейінгі қызметі аграрлық ғылыммен және экономикалық зерттеулермен байланысты болды.
1984 жылдың қазанында ВАСХНИЛ Төралқасы Ғ.Ә. Қалиевті Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының директоры етіп тағайындады.
Ғ.Ә. Қалиевтің ғылыми қызығушылықтары әрқашан АӨК-тің экономикалық проблемаларын шешумен байланысты болды. 1988 жылы ол Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының директоры болып сайланды.
Институттың ғылыми зерттеулер саласы шаруашылық жүргізудің нарықтық нысандарын енгізу, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы, еңбек нарығы және ауылдың әлеуметтік проблемалары және т.б. мәселелер болды.
Қазақ КСР Президентінің 1990 жылғы 14 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы құрылып, оның тұңғыш Президенті болып академик Ғ.Ә. Қалиев сайланды.
Академия аграрлық бейіндегі жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен Республиканың тәжірибе шаруашылықтарын біріктірді.
1990 жылы республиканың аграрий-ғалымдары оны Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты етіп сайлады (1990-1993 жж.).
1999 жылы Ғ.Ә. Қалиев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
2000 жылдың наурызында «Қазақстандық «Ауыл» социал-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі құрылып, оның тұңғыш төрағасы болып Ғани Әлімұлы Қалиев сайланды.
Ол ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат» (2001) ордендерімен және басқа да мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Академик Ғ.Ә. Қалиев ірі ғылыми мектеп құрды. Оның жетекшілігімен 15 докторлық және 30 кандидаттық диссертация қорғалып, 500-ден астам ғылыми еңбектер мен мақалалар жарияланды.
Ғұмыры барысында Ғ.Ә. Қалиев отандық аграрлық және экономикалық ғылымның дамуына орасан зор үлес қосты.
Хабарлама ретінде.
Академик Ғ.Ә. Қалиевтің 40 күндік АСЫ – 21 сәуір күні, сағат 12-де, «LE DOME» мейрамханасында өтеді. (Достық даңғылы, 132Б).
Күн тәртібі:
1. ҚР Ұлттық құрылтайы туралы ақпарат (Ұлттық құрылтай делегаты, академик Оразалы Сабден).
2. ҰАҒА-дағы академиктердің, корреспондент-мүшелердің және шетелдік мүшелердің бос орындарына конкурс туралы: ҰАҒА бос орындарына конкурс өткізу тәртібін қарау. (Е.И. Исламов, А.Б. Молдашев – Төралқа мүшелері).
3. Әртүрлі.
ҰАҒА Президенті, ҚР ҰҒА академигі Есполов Тілектес Исабайұлы өз сөзінде бүгінгі таңда Ұлттық аграрлық ғылым академиясының мүшелері 174 белгілі ғалым екенін, оның ішінде академияның 132 толық мүшесі, 26 корреспондент-мүшесі, 12 шетелдік, 4 құрметті мүшесі бар екенін атап өтті. Құрылымда 8 бейіндік бөлімше жұмыс істейді. Сондай-ақ Академияның 2023 жылғы 15 қарашадағы Жалпы жиналысының шешімдерін орындау үшін ҰАҒА Төралқасы белгілі бір жұмыс атқарды:
— Академия мүшелерінің сапалық құрамына бөлімшелер, мамандықтар, жас және академия мен ғылым салаларының даму перспективалары бойынша талдау жүргізілді.
— Мамандануын және агроғылым саласында жаңа бағыттардың пайда болуын ескере отырып, 8 бөлімше қалыптастырылды.
— ҰАҒА ақпараттық Каталогын құру үшін Академия мүшелері туралы ақпарат жинау аяқталды.
— Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерімен, «Атамекен» ҰКП-мен, Республикалық қауымдастықтармен, палаталармен және осы өңірлердегі «ҰАҒББО» КеАҚ ҒЗИ-лерімен Меморандумдарға қол қойылды.
— Өңірлік ЖОО-лар мен ҒЗҰ базасында «ҰАҒА» РҚБ-ның 20 өңірлік орталығы ашылып, оларды біздің академиктеріміз, корреспондент-мүшелеріміз және сол облыстардағы белгілі мамандар басқарды.
— «ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ-пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
— Бұрыннан шығармашылық байланыстары бар ТМД елдерінің жетекші ЖОО-ларымен байланыс пен өзара іс-қимыл жолға қойылуда. Біздің көптеген академиктеріміз осы және басқа да ЖОО-лармен ынтымақтасады.
— «ҰАҒББО» КеАҚ-ның 16 жетекші бейіндік ҒЗИ-імен бірлескен қызмет туралы шарттарға қол қойылды.
— Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жандануда: ФАО, ИКАРДА, СИММИТ, Аралды құтқарудың халықаралық қоры (АҚХҚ), Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО), Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ, БҰҰДБ ЖЭҚ) және басқалар.
Бірінші мәселе бойынша ҚР қоғам және саяси қайраткері, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12-13 шақырылымдарының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің бірнеше шақырылымының депутаты, экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҚазАШҒА академигі, ел Президенті Қ.К. Тоқаев қатысқан 2024 жылғы Ұлттық құрылтайдың делегаты әрі спикері академик Оразалы Сабден сөз сөйледі. Сондай-ақ еске сала кетейік, 2024 жылғы 24 қаңтарда академик О. Сабден ҚР Президентінің қабылдауында болып, онда аграрлық ғылым, ауыл және аграрлық өндіріс мәселелерін көтерген болатын. Ол Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелері туралы қысқаша хабарлады. ҚР ҰҒА академиктері Г.Т. Мейрман, С.А. Кешуов талқылауда сөз сөйлеп, ұсыныстар енгізді және ҚР Ұлттық құрылтайының идеялары мен шешімдеріне тұтастай қолдау білдірді.
Екінші мәселе бойынша: «ҰАҒА-дағы академиктердің, корреспондент-мүшелердің және шетелдік мүшелердің бос орындарына конкурс туралы: ҰАҒА бос орындарына конкурс өткізу тәртібін қарау» тақырыбында ҰАҒА бірінші вице-президентінің м.а. Е.И. Исламов және Төралқа мүшесі академик А.Б. Молдашев сөз сөйледі. Сайлау өткізу тәртібі, академияның академиктері, корреспондент-мүшелері және шетелдік мүшелерінің бос орындарына қабылдау жөніндегі сараптама комиссиясы мен конкурстық комиссияның құрамы, сондай-ақ кандидаттарға қойылатын өлшемшарттар талқыланып, қабылданды.
«Әртүрлі» бөлімінде ҰАҒА Жалпы жиналысын өткізу күні мен оның күн тәртібі мәселесі талқыланып, 2024 жылғы 17 мамыр күні қабылданды.
«ҚазАӨКЭжАДҒЗИ мерейтойын өткізуге дайындық туралы» хабарламамен ҚазАӨКЭжАДҒЗИ Басқарма төрағасы академик Б.Е. Рүстембаев сөз сөйледі.
Күн тәртібінің барлық мәселелері қаралып, талқыланды, отырыстарды өткізу регламентіне сәйкес барлық қажетті мәселелерді ҰАҒА Төралқасы бекітіп, қабылдады.
ҰАҒА баспасөз қызметі



