‹ Жаңалықтарға оралу

Шыңжаң мал шаруашылығы ғылымдары академиясымен (ҚХР) кездесу

· Жаңалықтар

Кеше, 2024 жылғы 28 қыркүйекте Ұлттық аграрлық ғылым академиясы мен Шыңжаң мал шаруашылығы ғылымдары академиясының (ҚХР) кездесуі нәтижелі өтті. Тараптар жануарлар туралы ғылым, селекция және өсіп-өну, азықтандыру, ветеринария, шикізатты өңдеу, мал шаруашылығын цифрландыру, стандарттау және сертификаттау салаларындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Алматы облысындағы шаруа қожалықтарына барды.