‹ Жаңалықтарға оралу

Орал қаласында БҚИТУ Ректоратының отырысы және ҚР ҰАҒА Өңірлік орталығының салтанатты отырысы өтті

· Жаңалықтар

2024 жылғы 25 қарашада Орал қаласында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ) Ректоратының отырысы және белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰАҒА академигі Бозымов Қазыбай Қарайұлының жетекшілігімен ҚР ҰАҒА Өңірлік орталығының салтанатты отырысы өтті.
Отырыста салалық өңірлік ғылымды дамыту жөніндегі ағымдағы және перспективалық жоспарлар, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының агроғылымын ғылыми қамтамасыз етуді үйлестірудегі ҚР ҰАҒА «Орал» өңірлік орталығының рөлі талқыланды.
Салтанатты жағдайда ҚР ҰАҒА академигі Қ.Қ. Бозымов ҚР ҰАҒА корреспондент-мүшелерінің дипломдарын, куәліктері мен төсбелгілерін тапсырды: БҚИТУ ректоры, т.ғ.к., профессор Шәкешов Бекболат Темержанұлына (Агроинженерия және АӨК-ті цифрландыру бөлімшесі); БҚИТУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, в.ғ.к., профессор Жұбантаев Ізімғали Нұрымұлына (Ветеринария бөлімшесі); БҚИТУ инновациялық орталығының директоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Смағұлов Дархан Бақойбекұлына (Зооинженерия бөлімшесі). Әріптестерімізді 2024 жылғы 31 мамырда сайлануымен және ҚР ҰАҒА толық мүшесі (академигі) мен корреспондент-мүшелерінің дипломдарын алуымен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа мәртебе мен атақ алу өңірлік аграрлық ғылымды дамытуға, Академиямыздың идеялары мен стратегиясын елдің инновациялық экономикасы мен азық-түлік қауіпсіздігін көтеру игілігіне іске асыруға жаңа серпін мен мүмкіндіктер береді деп санаймыз. Оларға зор денсаулық, табыс, отбасылық амандық және ғылыми-білім беру саласында шығармашылық жеңістер тілейміз.

Құрметпен, ҚР ҰАҒА Президенті, ҚР ҰҒА академигі Т.И. Есполов және ҚР ҰАҒА Төралқасы.