‹ Жаңалықтарға оралу

«Парламентаризм институтымен» ресми кездесу өтіп, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

· Жаңалықтар, Іс-шаралар

Бүгін, 2024 жылғы 26 қаңтарда сағат 12:00-де Парламентаризм институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы мен ҚР АШҒА Президенті, ҚР ҰҒА академигі Есполов Тілектес Исабайұлының, сондай-ақ Парламентаризм институты басшыларының қатысуымен ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы мен «Парламентаризм институты» арасында ресми кездесу өтіп, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы Меморандумның мақсаты – Тараптардың кең әлеуетін ескере отырып, кейіннен бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мақсатында азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын заңнамалық қамтамасыз етудің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін нормативтік-заң шығарушылық негіздерді әзірлеу саласында іргелі, қолданбалы және инновациялық сипаттағы бірлескен талдамалық, ғылыми және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу бойынша Тараптар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық.

Осы тұрғыда Академияның агрокешендегі стратегиялық бағдарламаларды талдау, АӨК субъектілерін және ауыл шаруашылығы саласындағы шикізат пен өнімді өңдеу салаларын талдау, ғылыми-консультациялық сүйемелдеу, биоалуантүрлілік пен экологияны сақтау, топырақ, су және орман ресурстарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, сондай-ақ жергілікті жерлерде ғылым мен өндіріс өкілдерімен кері байланыс орнату үшін зор әлеуеті бар. ҚР АШҒА академиктері көп жылдар бойы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен, ал соңғы жылдары Парламентаризм институтымен тығыз ынтымақтасып келеді. Академия АӨК саласындағы мемлекеттік органдармен бірлесіп бағдарламалар мен заң жобаларын талдауға, қоғамдық талқылауларға, жаңа ұсыныстар әзірлеуге, оларды сараптауға, дөңгелек үстелдер мен кеңестерге белсенді қатысты. Бірлескен жұмыс ортақ әлеуетті пайдалануға мүмкіндік береді және АӨК мен жалпы ауыл шаруашылығын ғылыми қамтамасыз ету саласында оңтайлы ұсыныстар мен жаңалықтарды әзірлеу кезінде өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылау үшін диалог алаңын құрады.