«Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» РҚБ бос вакансия орындарына сайлау жариялайды — 19 толық мүшелікке (академиктерге), 24 корреспондент-мүшелері және 10 шетелдік ҰАҒА мүшесіне келесі бөлімшелер мен мамандықтар бойынша:
- «АӨК экономикасы және агробизнес»;
- «Агробиология»;
- «Зооинженерия»;
- «Ветеринария»;
- «Фитосанитария және агрохимия»;
- «Табиғи ресурстар және экология»;
- «Агроинженерия және АӨК цифрландыру»;
- «Агроөңдеу және тағам инженериясы».
Конкурстық комиссияға ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесімен Академияның сайтында танысуға болады (https://naasrk.kz). Конкурсқа құжаттар Төралқаға бірдей түрде (қағаз және электрондық) ұсынылады.
Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 12-ші сәуірге дейін жүзеге асырылады. Мекен-жайы: 050057, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30б, Конкурстық комиссияның жауапты хатшысы С.Т.Жұмашева, 2 қабат, каб. № 210, тел.+7 705 905 53 28, e-mail: info@naasrk.kz

