
2024 жылғы 18 маусымда Төралқа мүшелері мен аграрлық саланың жетекші ғалымдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылым академиясы Төралқасының отырысы өтті.
Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес мына мәселелер талқыланды: 1) 2024 жылғы 31 мамырдағы Жалпы жиналыстың қорытындысын шығару және 2024 жылдың 2-жартыжылдығына арналған міндеттер. 2) Бөлімшелердің басшы құрамын (Бюросын) келісу және бекіту. 3) «ҚР ҰАҒА Төралқасы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңес туралы» Ереже жобасын қарау және оны бекіту. «ҚР ҰАҒА Төралқасы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің» құрамын қалыптастыру. 4) ҚР ҰАҒА шетелдік мүшелерінің бос орындарына түскен өтінімдерді қарау. 5) «ҚР ҰАҒА Жас ғалымдар кеңесі және жастар саясаты туралы» Ережені қарау және бекіту. 6) Әртүрлі.
ҰАҒА Президенті, академик Т.И. Есполов Академия құрылымында 8 бейіндік бөлімше жұмыс істей бастағанын атап өтті. 2024 жылғы 31 мамырда өткізілген Конкурс қорытындысы бойынша Жалпы жиналыста жасырын дауыс беру арқылы Академияның жаңа мүшелері бөлімшелер бойынша қабылданды:
— АӨК экономикасы және бизнес: 3 академик және 5 корреспондент-мүше;
— Агробиология: 5 академик және 11 корреспондент-мүше;
— Фитосанитария және агрохимия: 3 академик және 9 корреспондент-мүше;
— Табиғи ресурстар және экология: 2 академик және 9 корреспондент-мүше;
— Зооинженерия: 6 академик және 6 корреспондент-мүше;
— Ветеринария: 5 академик және 2 корреспондент-мүше;
— Агроинженерия және цифрландыру: 3 академик және 6 корреспондент-мүше;
— Агроөңдеу және тамақ инженериясы: 3 академик және 10 корреспондент-мүше.
Келу талдауы 2024 жылғы 31 мамырдағы Академияның Жалпы жиналысына офлайн және онлайн форматта қатысу 83,0% құрағанын көрсетті, бұл ретте офлайн режимде келу 72,0% құрады. Академияға үміткерлер бойынша келу мен қатысу 97,0% құрады. Бұл – мүшелеріміздің айтарлықтай белсенділігін және Академиямыздың қызметіне қызығушылығын көрсететін өте жоғары қатысу деңгейі.
Академия мен Төралқаның барлық мүшелеріне белсенді қатысқаны, Жалпы жиналысты жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгені үшін алғыс білдірді!
2024 жылғы 31 мамырдағы Жалпы жиналыстың дауыс беруімен және қолдауымен Төралқаның 15 мүшеден тұратын жаңа құрамы мақұлданды.
2024 жылғы 31 мамырдағы Жалпы жиналыстың қорытындылары талқыланып, 2024 жылдың 2-жартыжылдығына арналған міндеттер айқындалды. Бөлімшелердің басшы құрамы – Бюролары бекітіліп, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған міндеттер айқындалды. «ҚР ҰАҒА Төралқасы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңес туралы» Ереже жобасы егжей-тегжейлі талқыланып, Төралқа мүшелерінің сөйлеген сөздері мен ұсыныстары ескеріле отырып пысықтауға жіберілді. «ҚР ҰАҒА Төралқасы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің» құрамы жобасы тұтастай қабылданды. ҒӘК құрамын АӨК ғылымының әртүрлі салаларының өкілдерімен, белгілі тәуелсіз сарапшылармен, ғалымдармен және мемлекеттік қызметшілермен паритеттік негізде толықтыру ұсынылды. ҚР ҰАҒА шетелдік мүшелерінің бос орындарына түскен өтінімдер қаралды. ТМД елдерінің жетекші әрі белгілі ғалымдарының 14 кандидатурасы мақұлданып, қолдау тапты. Академияның шетелдік мүшелерінің санын Агроөңдеу және тамақ инженериясы бағыты бойынша толықтыру туралы ұсыныстар түсті. «ҚР ҰАҒА Жас ғалымдар кеңесі және жастар саясаты туралы» Ереже бекітілді. «Әртүрлі» мәселесі бойынша Төралқаның келесі отырысының мерзімдері мен күн тәртібіне ұсыныстар қаралды.
Күн тәртібінің барлық мәселелері қаралды. Академияның 2024 жылдың екінші жартыжылдығына арналған регламенті мен Жұмыс жоспары келісілді.
ҚР ҰАҒА Төралқасы.


