
2024 жылғы 13 тамызда «Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» РҚБ-да тұрақты ауыл шаруашылығы жөніндегі Герман-Моңғол ынтымақтастығы жобасы аясында ҰАҒА Төралқасы бюросының Моңғолия Халық Республикасының ғалымдарымен кездесуі өтті.
Кездесуге ҚР ҰАҒА Президенті, ҚР ҰҒА академигі Т.И. Есполов, ҚР ҰАҒА бірінші вице-президенті – Е.И. Исламов, ҚР ҰАҒА вице-президенті – Г.У. Акимбекова, «АӨК экономикасы және бизнес» бөлімшесінің төрағасы, ҚР ҰАҒА академигі – Б.Е. Рүстембаев қатысты.
Кездесуге Моңғолиядан келген делегация құрамында: Лхагвасурэн Баяртулга – Моңғолия ұлттық фермерлер одағының президенті; Хавдолдай Киенягуль – Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің жетекші маманы; Серчин Батболд – Моңғолия өсімдік шаруашылығы және агрономия институтының ғылыми қызметкері; Даваа Унуряргал – Моңғолия ұлттық фермерлер одағының атқарушы директоры; Ганболд Гантзэнцэг – «IAK Agrar Consulting GmbH» консалтингтік агенттігінің жоба менеджері, Германия; Балган Алтанцэцэг – «Тұрақты ауыл шаруашылығы жобасы» Герман-Моңғол ынтымақтастығы үкіметаралық жобасының маманы; Батбалдан Туул – «Тұрақты ауыл шаруашылығы жобасы» Герман-Моңғол ынтымақтастығы үкіметаралық жобасының маманы; Ялчын Оргих – Моңғолия көкөніс өсірушілер қауымдастығының Ховд аймағындағы филиалының басшысы қатысты.
ҚР ҰАҒА Президенті академик Т.И. Есполов Ұлттық аграрлық ғылым академиясының қызметі, Қазақстан мен Моңғолияның мемлекетаралық ынтымақтастығы тұрғысындағы аграрлық ғылымның жай-күйі мен даму перспективалары туралы айтып берді. Делегация мүшелеріне «Тұрақты ауыл шаруашылығы үшін аграрлық-саяси диалог» Қазақстан-Германия жобасын іске асыру аясында Академия мен ЖОО ғалымдарының ынтымақтастық тәжірибесі туралы ақпарат берді.
Бірінші вице-президент Е.И. Исламов Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы Білім тарату жүйесін құру мен дамыту тәжірибесімен бөлісті. ҚР ҰАҒА вице-президенті академик Г.У. Акимбекова қатысушыларға Жамбыл облысында іске асырылған АӨК-тегі кооперация жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесі, оның перспективалары мен проблемалары туралы ақпарат берді.
Моңғолия ұлттық фермерлер одағының президенті Лхагвасурэн Баяртулга Фермерлер одағының қызметі, Моңғолия фермерлері бірлестігінің құрамы, мақсаттары мен міндеттері туралы ақпаратпен және тәжірибесімен бөлісті. Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің жетекші маманы Хавдолдай Киенягуль Министрліктің Моңғолия АӨК-ін мемлекеттік қолдауды, кооперацияны және АӨК саласындағы білім тарату жүйесін дамыту бағытындағы жұмысы туралы ақпарат берді.
Тараптар өзара іс-қимылды арттыруға және Орталық Азия елдері мен Қазақстан шеңберінде қатысушылар аясын кеңейте отырып, «Тұрақты ауыл шаруашылығы жобасы» Герман-Моңғол ынтымақтастығы жобасын іске асыруға жәрдемдесуге келісті.





